«First Heartland Securities» АҚ «Цеснабанк» АҚ-тың жай акцияларының 99,5%-ын сатып алды

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және  «Назарбаев Қоры» дербес білім беру ұйымдарының тобына тиесілі қаржылық холдингтік компанияның инвестициялық бөлімшесі «First Heartland Securities» АҚ «Цеснабанк» АҚ-тың жай акцияларының 99.5%-ын сатып алғаны туралы хабарлайды.

Мәміле Сату-сатып алу шарты бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі мақұлдаған Негіздемелік  келісімге сәйкес жүзеге асырылды. «First Heartland Securities» АҚ (бұдан әрі – FHS) өз міндеттемелерін атқару үшін алдын ала талаптарды орындаған соң 70 млрд. теңге мөлшерінде Банкті қосымша капиталдандыруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Үкіметі және жаңа акционер қабылдаған шаралар банкті толығымен жақсартуға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің барлық қажетті пруденциялық нормативтері мен талаптарын банк орындаған жағдайда нақты секторды несиелендіру үдерісін жаңғыртуға септігін тигізеді. Сонымен қатар,  қабылданған шаралар Цеснабанкке  өз клиенттері алдында барлық міндеттемелерін бұрынғыдай орындауға және салымшылар қаражатының сенімділігі мен сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 «Цеснабанк» АҚ экономиканың нақты секторын, оның ішінде шағын және орта бизнес пен жеке кәсіпкерлікті  несиелендіру бөлігінде қазақстандық қаржы нарығының көшбасшыларының бірі болып табылады – деді Ерке Нүркенов, «First Heartland Securities» АҚ Басқарма ТөрағасыFHS Цеснабанкті дамыту мен оның ШОБ және жеке тұлғалармен жұмыс істеу сегментіндегі позициясын  нығайтуды жалғастыратын болады, – деп  толықтырды ол.

FHS «Цеснабанк» АҚ-ты сатып алу арқылы банктік бизнесті әртараптандыру және инвестициялық, корпоративтік және  private банкингке қосымша ретінде ШОБ,  ритейл мен сақтандыру сегментін қамту мүмкіндігіне ие болады.

First Heartland Securities туралы

«First Heartland Securities» АҚ – «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық холдингінің құрамына кіретін қазақстандық брокерлік компания.

FHS – First Heartland Bank коммерциялық банкі мен First Heartland Capital активтерін басқару жөніндегі компания кіретін First Heartland тобының бөлігі.

FHS-тің бағалы қағаздар нарығында 10-жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Компания «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» дербес білім беру ұйымдары компаниялары тобының  FHB еншілес банкі арқылы олардың қызметкерлеріне және жеке сектордың ірі клиенттеріне инвестициялық-қаржы, сондай-ақ банктік қызметтер көрсетеді.

FHS консервативті тәуекелі төмен кредиттік және инвестициялық стратегияны ұстанады, инвестициялық шешімдерді дайындағанда озық технологияларды пайдаланады, сондай-ақ жеке қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұсынады.

######

БАҚ үшін байланыс:

Вячеслав Балыков

тел.  +7 727 258 1505 ішкі 11082

E-mail: vyacheslav.balykov@fhb.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *